Кенженбаева Айман Утенбаевна » Қасымбек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қасымбек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 72770 50-6-51
Есепші бөлімі:
+7(72770 50-6-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кенженбаева Айман Утенбаевна
20
май
2022

Кенженбаева Айман Утенбаевна

Кенженбаева Айман Утенбаевна 1977 жылы қазан айының 20 жұлдызында  Алматы облысы Жамбыл ауданы Мынбаев  ауылында дүниеге келген.

1984 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Мынбаев орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1994 жылы аталған мектепті аяқтады. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық  университетіне түсіп, 1998 жылы аталған университетті «Биолог, биология пән мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

     1999 жылдан  Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек орта мектебінде алғашқы еңбек жолын бастап, қазіргі уақытқа дейін жұмыс атқаруда.                     

     Осы аталған мектепте 1999-2006 жылдар аралығында бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмыс істеді.         

     2006-2008 жылдары бастауыш сынып бойынша директордың оку-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

     2008-2014 жылдар аралығында биология және өзін-өзі тану пәннің мұғалімі, ал    2014-2015 жылдары директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарды.  

     2017 жылы «Қасымбек ауылындағы орта мектеп»КММ мектеп директоры болып тағайындалды.   

2020-2021 оқу жылында «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған Республикалық онлайн-конференцияда модератор қызметін жоғары деңгейде атқарып, тәжірибемен бөлісіп , алғыс хатпен марапатталды.

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелікорталығы   ұйымдастырған «Заманауи басшы: табыс формуласы» тақырыбындағы облыстық форумында тәжірибесімен бөлісіп, алғыс хатпен марапатталды. 

2020 жылы облысытық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығы өткізген «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқауында ІІІ орынды иеленіп , ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесу үшін» алғыс хатпен мараптталды.